Салықшылар маркетплейстегі аккаунттарды бұғаттай алады

0
58

Маркетплейстер арқылы 2 трлн теңгенің тауары сатылған.


Салықшылар маркетплейстегі аккаунттарды бұғаттай алады

фото: Sputnik / Санат Имангалиев

ERNUR.KZ. Ұлттық экономика министрлігі Салық кодексіне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға қатысты заң жобасын жариялады, деп жазады sputnik.kz.
Салық кодексіне жаңа 89-1-бапты енгізу ұсынылып отыр. Оған сәйкес, 2027 жылдан бастап салық органдарының ұйғарымдарын орындамайтын сатушылардың маркетплейстегі аккаунттары бұғатталуы мүмкін.
Бұл өзгерістің енгізілуіне белгілі бір себеп бар. Министрліктің талдауына сәйкес, маркетплейстер арқылы 2 трлн теңгенің (4,5 млрд доллар) тауары сатылған. Оның ішінде құны 200 млрд теңге (447,9 млн доллар) болатын тауарлардың шығу тегі туралы құжаттары расталмаған.
"Барлық сатушыға тиісті ұйғарымдар жіберілген болатын. Мұндай құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін маркетплейсте тауар өткізетін сатушының аккаунтын бұғаттау ұсынылып отыр", — дейді министрлік мамандары.
Заң жобасы 2026 жылғы 25 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.