Барлығы 72 рәсімдік және 35 жүйелі заңбұзушылық тіркелген.
Фото:depositphotos.com
ERNUR.KZ. "Самұрық-Энерго" АҚ тобынан 199 миллиард теңге тиімсіз шығын анықталды, деп жазады tengrinews.kz.
Жоғары аудиторлық палата мәліметінше, кейінгі 10 жылда "Самұрық-Энерго" АҚ тобы небәрі 4 жаңа жобаны іске асырған.
"Бұл 2024 жылы бекітілген даму стратегиясы бойынша алдағы 10 жылға жоспарланған 25 жобаның іске асырылуына күмән тудырады. Тоқтатылған жобаларға байланысты "Самұрық-Энерго" АҚ-ның тиімсіз шығыны 199 миллиард теңге болды. Ең ірілері: Балқаш ЖЭО құрылысы – 102 миллиард теңге, Екібастұз ГРЭС-2-нің №3 энергоблогы – 61,2 миллиард теңге", - деп жазылған хабарламада.
Аудит нәтижесі бойынша анықталған қаржылық заңбұзушылық көлемі 66 миллион теңге болған. Одан бөлек:
- бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау 9,5 миллиард теңге,
- қаражат пен активтерді тиімсіз пайдалану 104,7 миллиард теңге болған.
Барлығы 72 рәсімдік және 35 жүйелі заңбұзушылық тіркелген.