Сапарбаев шетелдік компанияға қазақстандық жұмысшыларының жалақысын көтеруді тапсырды

0
1 415

Қарапайым жұмысшылар мен басшылар арасындағы жалақы айырмасын азайту мәселесі көтерілді


Сапарбаев шетелдік компанияға қазақстандық жұмысшыларының жалақысын көтеруді тапсырды

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Оңтүстік Кореяға жұмыс сапары барысында Оңтүстік Кореяның KNOC мұнай-газ корпорациясының вице-президенті Шим Джоехунмен кездесті, деп жазады baq.kz.

Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшісі Бақыт Дүйсенбаевтың қатысуымен өткен кездесудің басты тақырыбы КNОК қатысуымен құрылған «Aлтиес Петролеум Интернэшнл Б.В» АФК және «Aда Ойл» ЖШС-нің ақтөбелік компаниялардың келісім-шарттық міндеттемелерін орындау болды.

«Aлтиес» және «Aдa Oйл» біздің облыс аймағында шамамен 12 жыл жұмыс істейді. Жыл сайын 400 мың тонна мұнай өндіреді. Жалпы, олар жақсы жұмыс істейді, бірақ инвестициялар көлемі, жергілікті кадрларды даярлау, тауарларды сатып алудағы жергілікті қамту және әлеуметтік жауапкершілік бойынша шарттық міндеттемелерді орындау туралы сұрақтар бар, - деп атап өтті облыс әкімі.

Ол сондай-ақ қарапайым жұмысшылар мен басшылар арасындағы жалақы айырмасын азайту мәселесін көтерді.

"Ең аз жалақы алатындардың жалақысын көтеру керек. Елбасының тиісті бұйрығы бар. Біз барлық кәсіпкерлермен жалақыны көтеру туралы келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Мен КNОК басшыларынан осы ұсынысты қолдауға және Ақтөбе облысының аумағында жұмыс істейтін кәсіпорындар басшыларына нұсқау берулерін сұраймын", - деді Бердібек Сапарбаев компания өкіліне.

Сонымен қатыр облыс басшысы кәсіпорындарды мұнай мен газ өндіру көлемін азайтпаудың маңыздылығын атап өтті.

КNОК вице-президенті Шим Джоехун Бердібек Сапарбаевты жергілікті билікпен арадағы диалог пен практикалық өзара іс-қимылды ынталандыруға мүдделі екендігіне сендірді.

"Біз барлық шарттық міндеттемелерді орындауға тырысамыз", - деді вице-президент.

Атап өтейік, 2017 жылдың мамыр айында Ақтөбе облысының әкімі «KNOC» компаниясының президенті Ким Джунг Рэмен «Aлтиес Петролеум Интернэшнл Б.B» АФК және «Aда Oйл» ЖШС жағдайын талқылаған болатын. Келіссөздердің нәтижесінде осы компаниялар Ақтөбе облысының аймағында тіркеліп, тікелей өндірістік қызметті жүргізе бастаған. Бұрын кәсіпорындар Алматы облысында тіркелген болатын.