​Сарапшылар Головкиннің алғашқы жеңілісіне "кінәлілерді" тапты

0
1 645

Мамандар шешуші 12-ші раунд бойынша екі төрешінің ұпайларымен келіспеді.


​Сарапшылар Головкиннің алғашқы жеңілісіне

ERNUR.KZ. Showtime телеарнасында комментатор және сарапшы Эл Бернштейн мен ESPN маманы Дэн Рафаэль қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы қарымтаны қайта қарап шығып, төрешілер шешіміне келіспейтіндерін айтты, деп жазады vesti.kz.

Мамандар шешуші 12-ші раунд бойынша екі төрешінің ұпайларымен келіспеді. Дэйв Моретти және Гленн Фельдман бұл ұпайларды Альвареске жазып, мексикалық ұпай санымен алға шыққан (115-113, 115-113, 144-114). Егер екі төреші де 12-ші раунда Головкин жеңді десе, кездесу тең аяқталатын еді.

"Осы жаңа Головкин - "Канело" қарымтасының 12-ші раундын қайта қарадым. Жекпе-жектің басқа бөлігін айтпағанда, 12-ші раунд шешуші болды. Меніңше, "Канело" ол кезде ешқалай басым болмады. Головкин нақты және күшті соққыларды көбірек жасады", - деп жазыпты Бернштейн Twitter желісінде.

"Головкин 12-ші раундта басым болғанын бәрі біледі. Мұнда ешқандай сұрақ жоқ", - деп Том Леффлер бұл жариялымды ары қарай тартқан.

"10 миллион пайыз беремін, 12-ші раундты Головкин жеңді", - деп қостады Рафаэль.