Белсендінің қамауға алынғанын адвокаты Жанара Балғабаева мәлімдеді.
ERNUR.KZ. Алматы соты QazNews24 сатиралық парақшаның авторы Темірлан Еңсебекті екі айға қамауға алды, деп жазады Stan.kz.
Белсендінің қамауға алынғанын адвокаты Жанара Балғабаева мәлімдеді.
"Бүгін сот отырысы өтті, бұлтартпау шарасы ретінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында екі айға қамауға алу ретінде белгіленді. Ол уақытша ұстау изоляторына ауыстырылады", – деді ол.
Оның айтуынша, қорғаушы тарап сот үкіміне шағымданбақ.
Қылмыстық кодекске сәйкес "Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздыру" бойынша оның кінәсі дәлелденсе, жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.