Сауд Арабиясының аумағына жануарлардан алынатын өнімдерді жеткізе алатын барлығы 34 отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушісі бар.
ERNUR.KZ. Сауд Арабиясына қазақстандық өнімді экспорттаушылардың қатарына тағы 19 кәсіпорын қосылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеді.
«Сауд Арабиясына өнім экспорттауға құқығы бар кәсіпорындардың тізіліміне тағы 15 қазақстандық ет өңдеу зауыты және 4 бал мен ара шаруашылығы өнімдерін шығаратын компания енгізілді», - делінген АШМ хабарламасында.
Экспорт туралы келісімге ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті мен Сауд Арабиясының Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы арасындағы белсенді ынтымақтастықтың нәтижесінде және Қазақстанның Корольдіктегі Елшілігінің қолдауымен қол жеткізілді.
Осылайша, тізілімде Сауд Арабиясының аумағына жануарлардан алынатын өнімдерді жеткізе алатын барлығы 34 отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушісі бар.
Тізімнің қазіргі нұсқасымен мына сілтеме бойынша танысуға болады.