23 шілдеда Алматы облысы Қарасай ауданында орналасқан "Aport Mall" сауда орталығында болған.
ERNUR.KZ. Полицейлер Алматы маңындағы сауда және ойын-сауық орталықтарының бірінде кішкентай қызды тепкен түрік азаматының ісінің мән-жайын айтты, жазады tengrinews.kz.
Алматы облысы тәртіп сақшыларының айтуынша, күдікті әлі қамауда. Қазір полицейлер тергеуді жалғастырып жатыр, ол аяқталуға жақын. Жақын арада іс сотқа жолданады.
"Қазір Түркия азаматы күдікті деп танылған қылмыстық іс бойынша тергеу жүріп жатыр. Күдіктіге қатысты "қамау" бұлтартпау шарасы таңдалды. Жақын арада тергеу аяқталып, қылмыстық істің материалдары мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданады", - деді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.
Еске салайық, оқиға 23 шілдеда Алматы облысы Қарасай ауданында орналасқан "Aport Mall" сауда орталығында болған. Бұзақының әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Кадрда ер адамның әйел мен арбадағы баласын ертіп бара жатқанын көруге болады. Бір кезде кішкентай қыз арбаға жақындайды. Осы кезде ер адам баланы теуіп, арбадағы сәбиді көтеріп жатқаны көрінеді.