Саяжайларға елді мекен мәртебесі беріле ме

0
661

Алматы облысыда халық саны 189,2 мың адамды құрайтын 674 саяжай учаскесі бар.


Саяжайларға елді мекен мәртебесі беріле ме

ERNUR.KZ. Саяжай алаптарына елді мекен мәртебесін беру мүмкін емес. Бұл жайында ҚР Премьер-Миинстрі Әлихан Смайыловтың Сенат депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған, деп жазады ҚазАқпарат.

«Саяжай алаптарының аумағы маусымдық тұруға арналғандығына және елді мекеннің нормаларына сәйкес келмеуіне байланысты саяжай алаптарына елді мекен мәртебесін беру мүмкін емес», - делінген Үкімет басшысының жауабында.

Оның дерегінше, қазіргі уақытта Алматы облысыда халық саны 189,2 мың адамды құрайтын 674 саяжай учаскесі бар.

Бүгінде саяжай алаптарын қамту үшін әкімдік 1 500 орындық мектеп құрылысын жүргізіп жатыр және 1 200 орындық жеке мектеп салу жоспарланған.

Саяжай алаптарының аумағында балабақша, мектепке дейінгі балалар мекемесі көзделген, сондай-ақ саяжай алаптарынан оқушылар тасымалданады.

«2021 жылы 18 саяжай алабына апаратын ұзындығы 6,9 шақырым автомобиль жолы жөнделді. Сонымен қатар кірме жолдарға кезең-кезеңімен жөндеу жүргізіліп, автобус маршруттары ұйымдастырылуда. Жергілікті атқарушы органдармен саяжайларды электрмен қамтамасыз ету үшін «Алатау жарық компаниясы» АҚ саяжай алаптарының трансформаторлық қосалқы станциялары мен электр беру желілерін өтеусіз негізде беру мүмкіндігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде», - деді Әлихан Смайылов.