Сейсмологтар Қазақстанда жер сілкінісін тіркеді

0
387

Жер сілкінісі 26 наурызда Алматы уақыты бойынша сағат 21:01-де болған.


Сейсмологтар Қазақстанда жер сілкінісін тіркеді

ERNUR.KZ. Магнитудасы 4,3 болатын жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 536 шақырым жерде, Қытай аумағында болды, деп жазады zakon.kz.

Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісі 26 наурызда Алматы уақыты бойынша сағат 21:01-де болған. Қазақстан аумағындағы жер асты ауытқулары сезілмеді.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9.9.

  • MPV магнитудасы - 4,3.
  • Тереңдігі - 20 км.
  • Cезілуі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): жоқ.

21 және 23 наурызда Шымкент тұрғындары 2-3 балдық жер сілкінісін сезінді. Алайда қала тұрғындары бұл туралы алдын ала ескерту алған жоқ. Оның себебін қалалық ТЖД айтып берді.