Семей тұрғыны 320 қазақстандықтың атына несие рәсімдеген

0
937

Күдікті жоғалған құжаттар арқылы шағын несиеге өтініш берген.


Семей тұрғыны 320 қазақстандықтың атына несие рәсімдеген

ERNUR.KZ. Семей тұрғыны 320 қазақстандыққа шағын несие рәсімдеді, деп жазады Azattyq Rýhy.

ІІМ мәліметінше, ер адам әлеуметтік желі арқылы құжаттардың жоғалғаны туралы хабарламалар тауып, сол құжаттар бойынша шағын несиелерге өтінім берген. Оны Атырау облысының полиция қызметкерлері ұстады.

«Бұл ретте азаматтар несиелердің мерзімін өткізіп алғаны туралы хабарлама алғанға дейін қарызы бары туралы білмеген. Осы арқылы 320 адамға 10 миллион теңгеден астам залал келтірілгені анықталд», - деп хабарлады ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов.