Семейде 13 жасар бала сатушыны 50 теңге үшін пышақтап кетті

0
1 215

Тәртіп сақшылары күдіктінің балалар колониясына жатқызылмайтынын айтады.


Семейде 13 жасар бала сатушыны 50 теңге үшін пышақтап кетті

ERNUR.KZ. Семейде 50 теңгеге ештеңе сатып ала алмаған 13 жастағы бала дүкен қызметкерін пышақтады, деп жазады Алтайньюс.

Қалалық полиция басқармасының мәліметінше, жасөспірім сабақтан кейін дүкенге кіріп, 50 теңгеге не сатып алуға болатынын сұраған. Оған сатушының жауабы ұнамағандықтан пышаққа жармасып, сатушыға шабуылдапты. Жеткіншек оның бірнеше жеріне пышақ жарақатын салады, сосын кассадағы ақшаны қалтасына басып, із суытқан.

Ол арада екі сағат өткенде ұсталады.

Тәртіп сақшылары күдіктінің балалар колониясына жатқызылмайтынын айтады. Себебі 14 жасқа толмаған. Әзірге ештеңе мәлім емес. Тексеру жүргізілуде. Кәмелеттік жасқа толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссия мән-жайды анықтау үстінде.