Оқиға орнында Абай облыстық ТЖД-ның бір қызметкері және бір техникасы жұмыс істеді.
ERNUR.KZ 3 наурызда Семей қаласындағы жеке сектор - Строительный елдімекеніндегі үйде екі адам иіс тиіп, ауруханаға түсті, деп жазады Zakon.kz.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, тексере келгенде үйдегі қатты отынмен жанатын пештің мұржасы бітелген болып шықты.
Оқиға орнында Абай облыстық ТЖД-ның бір қызметкері және бір техникасы жұмыс істеді.
ТЖМ пеш жағатын ел азаматтарынан бұл ретте мына ережелерді сақтауды сұрайды:
- пешті ережелерге сай пайдаланыңыз;
- мұржаны уақытылы тазалап, желдету жүйесінің жұмысын үнемі тексеріп отырыңыз;
- пештерді тек мамандарға салдыртып, жөндетіңіз.


