Қазірдің өзінде екі бап бойынша тергеу басталды.
ERNUR.KZ. Семейде белгісіз біреу жаяу жүргіншілер өткелінде екі адамды қағып, белгісіз бағытта оқиға орнынан қашып кеткен. Зардап шеккен ер адам жеңіл жарақаттар алса, келіншек оқиға орнында қайтыс болды, деп жазады kaz.nur.kz.
Полицияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға Семей қаласында 11 маусымда болған.
Түнгі сағат екілер шамасында жаяу жүргіншілер жол қозғалысы ережелерімен белгіленген жерде жолды кесіп өтіп бара жатқан.
Алайда оларды белгісіз жүргізуші көлігімен қағып кетеді. Зардап шеккен әйел есін жимаған күйі алған жарақаттары салдарынан қайтыс болады.
Апат болған жерге келген дәрігерлер жәбірленуші ер адамға амбулаториялық ем тағайындайды.
Қазіргі уақытта жаяу жүргіншілерді қаққан жүргізушінің іздері табылмаған.
Тәртіп сақшылары бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерттеп, қайғылы оқиғаға кәніліні анықтау үшін куәгерлерді іздеп жатыр.
Өлімге апарған жол апаты фактісіне сәйкес, қазірдің өзінде екі бап бойынша тергеу басталды: 345 (жүргізушінің жол ережесін бұзуы, салдарынан абайсызда болған адам өлімі) және 347 (апат болған жерден кетіп қалу).
Шығыс Қазақстан облысының полиция басқармасы қылмыскерді табу үшін жол-көлік оқиғасының куәгерлерін хабарласуын сұрады. 102 нөміріне қоңырау шалуға болады.