Тұрғындар ескерткішті ұсқынсыз және Мәншүк Мәметоваға ұқсамайды деп есептейді екен.
ERNUR.KZ. Семейдегі “Жеңіс” саябағында халық қаһарманы, қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметоваға ағаштан ескерткіш қойылған, алайда осы ескерткіш халықтың наразылығын тудырып, дауға ұласты, деп жазады аrnapress.kz.
Тұрғындар ескерткішті ұсқынсыз және Мәншүк Мәметоваға ұқсамайды деп есептейді екен.
«Жаңа жылға балабақшалардың біріне апарып қоюға болады. Мыстан кемпірдің орнына. Бірақ саябақта бұл қалай болса солай жасалған “өнер туындысына” орын болмауы керек, «Бізде талантты суретшілер сондай көп…. солар қайда?….суретшілер кеңесі қайда, эскиздері қайда … бұл жобаларды кім бекітеді? Төмен деңгейде жасалған, расымен де балабақшаға арналған…»
Басылым тілшілері ағаш мүсіннің авторларының бірімен де кездескен, туындыны мүсіншілер Юлия Куртунова мен жұбайы Иван екеуі жасаған көрінеді.
«Елдер біз мұнда Ақшақар немесе Мыстан кемпірді жасап жатырмыз деп ойлап қалды. Әрине, ол мүсіндер бұл жерге сәйкес келмес еді, бұл Мәншүк Мәметова», — дейді Юлия Куртунова.
Ағаш мүсіннің авторы аталған жобаға тапсырыс бергендердің кімдер екенін де айтыпты.
«Бұл сіздердің керемет әкімдеріңіз Ермак Бидахметұлының бастамасы. Ол бізді осы қалаға ағаштан осындай скульптура жасауымыз үшін шақырды. Мұндай жұмыс тозақпен тең. Әрине, біз мұнда келіп, қайрымдылықпен айналысып жатқан жоқпыз. Біздің төрт баламыз бар. Соларды асырап бағуымыз керек. Мен сізге айтайын, жұмысымыз қымбат емес», — деп айтты Юлия.
Семей әкімінің баспасөз қызметінде бұл жобаның нақты соммасын атай алмапты. Себебі жобалық-сметалық құжаттар мен эскиздер әлі дайындалу үстінде.
“Арна пресс” басылымының жазуынша шеберлер Мәншүк Мәметованың образын жасап біткен. Мүсіннің қалай шыққаны суретте тұр. Жоба авторлары ағаш мүсінді алты күн жасаған екен. Мүсіншілер осымен Семейдегі жұмыстарын тоқтата тұрмақ деп жазады ақпарат көзі.