Семейде өзенге құлап кеткен көліктегі жолаушылардың бірінің денесі табылды

0
108

Екінші адамның денесі әлі іздестіріліп жатыр.


Семейде өзенге құлап кеткен көліктегі жолаушылардың бірінің денесі табылды

Фото: ІІМ

ERNUR.KZ. Семейде балықшылар өзенге құлап кеткен көліктегі жолаушылардың бірінің денесін тапты, деп жазады inbusiness.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 10 қаңтарда түн ортасы шамасында кезекші пультіне жергілікті балықшылардан жоғалып кеткен жолаушылардың бірінің денесін судан алып шыққаны туралы хабарлама түскен.

Хабарламадан кейін төтенше жағдайлар қызметі дереу оқиға орнына жеткен, кейін туыстары марқұмды таныған. Тағы бір жоғалған адамды іздеу жұмыстары күндізгі уақытта жүргізіліп жатыр. Жұмысқа 100-ден астам адам, 13 моторлы қайық, 2 ұшқышсыз ұшу аппараты, 3 гидроакустикалық құрал және 1 су асты дроны жұмылдырылған.

"Ауа райының қолайсыздығын ескере отырып, апаттардың алдын алу үшін Абай облысының төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындары мен қонақтарын қыста су қоймаларына жақын бармауды ескертеді", – деді ведомство өкілдері.