​Семейде тұрғын үйлерге «ақылды» домофондар орнатылуда

0
1 419


​Семейде тұрғын үйлерге «ақылды» домофондар орнатылуда

ERNUR.KZ. Семей қаласының көпқабатты тұрғын үйлеріне «ақылды» домофон орнату жұмыстары жалғасуда, деп жазады ҚазАқпарат.

Жыл басында еліміздегі алғашқы «ақылды» домофондар қаладағы «Юность» ықшамауданындағы көпқабатты тұрғын үйге орнатылған. Бастама тұрғындар көңілінен шыққан соң Қарағайлы ықшамауданындағы тұрғын үйлерге де қондырыла бастады. Қазір осындағы 3 көпқабатты тұрғын үйге орнатылған. Жыл соңына дейін тағы бірнеше үйге смарт-домофон орнатылады.

Аталмыш домофондардың қарапайым құрылғылардан бірқатар айырмашылығы бар. Арнайы серверлік жүйе орнатылғандықтан 24 сағат бойы бейнебақылау жүргізеді. Бақылау Ішкі істер басқармасының жедел басқару орталығына қосылғандықтан, «SOS» батырмасын басқан кезде хабар құқыққорғау органына 3 секундта жетеді. Және «ақылды» домофонды мобильді қосымша арқылы қашықтықтан басқаруға болады.

Айта кетейік, жоба авторлары - татарстандық «Спутник» компаниясының өкілдері. «Артықшылығы көп. Бірінші кезекте азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Және үй иесі аула маңында не болып жатқанын қашықтықтан бақылауға мүмкіндігі болады. Бұл домофондар көпсалалы болғандықтан тұрғындарды ақпараттандыру, олардың арасында сауалнама жүргізу тетіктері де қарастырылған. Бүгінде тұрғындар тарапынан қолдау тауып жатыр деуге болады», - дейді «Спутник» компаниясының өкілі Тимур Ахунжанов.