Семейде үйі өртенген көпбалалы отбасы қорада тұрып жатыр

0
593

​Айдың-күннің аманында далада қалған семейлік көпбалалы отбасы халықтан көмек сұрайды.


Семейде үйі өртенген көпбалалы отбасы қорада тұрып жатыр

Үйлері өртке оранып, әп-сәтте күлге айналған көпбалалы отбасының баспанасы тұруға жарамсыз деп танылып отыр. Жығылғанға жұдырық боп, жаз да бітуге жақын қалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

"Қиын жағдайдамыз енді. Жолдасым жалғыз жұмыс істейді.өзімде сахарный диабет. Гипертония, учетта тұрған адаммын. Ауыр жұмыс келмейді. Сондықтан екі кішкентаймен үйде отырам. Жолдасымның тапқаны жетпейді" - дейді Толғанай Рахимжанова, көпбалалы ана.

Қазір көпбалалы отбасы аулада тұрған ескі ағаш қораны пана етуге мәжбүр. Енді айдың-күннің аманында баспанасыз қалған отбасы барша қазақ жұртынан көмек сұрайды.

Қазірде Рахимжановтар әулетінің жайынан еріктілер де, жергілікті кәсіпкерлер де хабардар. Әрқайсы қолдан келгенше қол ұшын созуға дайын.

"Әр күн сайын жас отбасылар бізге күнде жүгінеді. Төбесі құлады, біреуде тағы бірдеңе сынып қалған. Тура осындай жағдаймен бір ай бұрын тағы бір Бекназаровтар отбасы жүгінген. Қазір біз осы жағдай бойынша біз осы екі отбасыға құрылыспен көмектесе аламыз", - дейді ШҚО бойынша "Ақ ұлпа аналары" қоғамдық бірлестігінің төрайымы, Анар Сүлейменова.

Алайда бұл көмектің нақты қашан келетіні әзірге басы ашық сұрақ. Ал төрт баласымен далада қалған ана енді көп ұзамай күн райы да бұзыла ма деп қорқады. Алда күз келе жатыр.