Семейде жаңажылдық шыршаны безендіру кезінде мұғалім зардап шекті: Министр мәлімдеме жасады

0
82

​Семейде жаңажылдық шыршаны безендіру шараларына мұғалімдер тартылып, олардың бірі зардап шекті.


Семейде жаңажылдық шыршаны безендіру кезінде мұғалім зардап шекті: Министр мәлімдеме жасады

ERNUR.KZ. Аталған оқиғаға қатысты Оқу-ағарту министрі пікір білдірді, деп жазады Zakon.kz.

"Семей қаласында мұғалімдерді жаңажылдық шыршаны безендіруге тарту және әріптесіміздің осы іс барысында жарақат алуы – заң бұзушылықтың айқын көрінісі. Педагогтерді кәсіби міндеттеріне жатпайтын мұндай жұмыстарға тарту – "Педагог мәртебесі туралы" заңды өрескел бұзу деп санаймын. Бұл оқиғаға байланысты облыс басшылығы әділ әрі жан-жақты тексеру жүргізіп, алдағы уақытта мұндай келеңсіздіктердің қайталануына жол бермеу үшін тиісті шаралар қабылдайды деп үміттенемін", деп жазды Facebook-тегі парақшасында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.

Министр Мемлекет басшысы педагогтердің қоғамдағы рөліне ерекше мән беріп, олардың құқықтарының "Педагог мәртебесі туралы" заң аясында қатаң сақталуын әрдайым назарда ұстап келетінін айтады.