2003 жылы туған қала тұрғыны 10 наурыз күні үйінен шығып, жоғалып кеткен.
ERNUR.KZ. Семейде 19 жастағы Румия Нысанбекова бес күннен бері іздестіріліп жатыр, оны іздеуге дрон пайдаланылды, деп жазады sputnik.kz.
2003 жылы туған қала тұрғыны 10 наурыз күні үйінен шығып, жоғалып кеткен. Румия Нысанбекованы іздеуге еріктілер мен тұрғындар қосылды, деп хабарлады Noks.kz.
volontery_semey_lider.kz тобы қатысушыларының айтуынша, Румия жоғалған күні қою жасыл түсті күртеше мен сары қалпақ киіп кеткен. Қыздың қолында қара жолдорба болған.
Хабар-ошарсыз кеткен қыз туралы қандай да бір мәлімет білетіндер +7 747 349 57 17, +7 771 349 57 17 немесе 102 телефондарына хабарласуына болады.