Семейде "Семей аруы-2018" сұлулық байқауы өтті.
ERNUR.KZ. Семейде "Семей аруы-2018" сұлулық байқауы өтті. Тәж бен қаланың ең тартымды қыз атағын Жанель Жұман жеңіп алды. Бұл туралы қазылар алқасының мүшесі Arsen Bektassov Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп жазады Tengrinews.kz.
Бұл сұлулық байқауы жақында өткен еді. Қыздар би билеп, кешкі көйлектерде дефилеге шығып, өз таланттарын көрермендерге паш етіп, видеовизиткаларында өздері туралы айтып берді.
Әйгерім Тұрлыханова байқаудың бірінші вице-аруы атанды.
Екінші орынды Юлия Южакова иеленді.
Үшінші вице-ару Рената Акимова болды. Ал "Instagram аруы" атағын Асем Маннанға берді.