Сенат ғылымды дамыту мен дәріні тіркеу нормаларына қатысты құжатты қарайды

0
97

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында сайлау рәсімдерін жетілдіру, салық заңнамасына өзгеріс енгізу, ғылымды дамытуға қатысты заңдар қаралады.


Сенат ғылымды дамыту мен дәріні тіркеу нормаларына қатысты құжатты қарайды

Фото: Коллаж: Kazinform / Senate.parlam.kz / Canva

ERNUR.KZ. Сенаторлар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды ҚР Конституциясына сәйкес келтіру, Қазақстанның сайлау, прокуратура және әлеуметтік қамсыздандыру туралы заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы мен оған ілеспе құжатты бірінші оқылымда талқылайды.

Аталған құжаттардың негізгі мақсаты – заңнамалық актілерді жаңартылған Конституция талаптарына сәйкестендіру, сайлау рәсімдерін жетілдіру және ұлттық заңнаманың жекелеген салаларын одан әрі дамыту.

Бұдан бөлек, жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының Салық кодексіне өзгерістер енгізу туралы» құжат бірінші оқылымда қаралады.Мәжіліс Салық кодексін қабылдады

Фото: Kazinform / Freepik

Бұл құжатты мамыр айында Парламет Мәжілісінде талқылау кезінде жаңа нормалардың бір парасы салық заңнамасына Құрылтай, Қазақстан Халық кеңесі сияқты жаңадан құрылатын институттарды енгізуге бағытталатыны айтылды.

— Бұл заң 15 наурыздағы республикалық референдум қорытындысы бойынша Конституцияға енгізілген түзетулер мен өзгерістерді, Конституциялық сот туралы Конституциялық заңға енгізілген түзетулерді іске асыру мақсатымен әзірленді. Құжатта аймақ атауларын көрсету тәртібін Астанаға басымдық бере отырып реттеу ұсынылады. Азаматтардың Конституциялық сотқа жүгінген кезде төленетін мемлекеттік бажды алып тастау ұсынылады, — деді Мәжіліс депутаты Ерлан Стамбеков.

Сенатта талқыланатын келесі құжат - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы.

Мұнымен қоса, жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым, ғылымды қажетсінетін аумақтар, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, денсаулық сақтау және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы бірінші оқылымда қаралады. Бұл құжатты осы жылы сәуір айында Парламент Мәжілісі екінші оқылымда қабылдаған еді.

Атап айтқанда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғылым қалаларын құру жөнінде нақты тапсырма берген болатын. Сол тапсырманы іске асыру үшін заңға алғаш рет «ғылыми аумақ» ұғымы енгізілді. Ол жеке елді мекен — ғылым қаласы (Курчатов сияқты) немесе ғылыми-технологиялық парк форматында болуы мүмкін. Бұл — ғылым, білім және өндіріс бір жерде тоғысатын нақты құқықтық режим болмақ.

Мұндай аумақтар үшін қолдаудың тұтас пакеті де қарастырылған:

- жеңілдіктер мен ерекше жағдайлар;

- инновацияларды мемлекеттік қолдау;

- арнайы білім беру гранттарын бөлу;

- арнайы экономикалық аймақ (АЭА) мәртебесін алу мүмкіндігі.

Сондай-ақ заң осы аумақтарды басқарудағы Үкіметтің, министрліктер мен әкімдіктердің өкілеттіктерін нақты белгілейді. Іс жүзінде тұтас экожүйе қалыптасады: ғалымның зерттеуінен бастап оны өндіріске енгізу мен коммерцияландыруға дейінгі жол ашылады.

Мұнымен қоса, осы заң аясында дәрілік заттарды тіркеу мерзімі айтарлықтай қысқартылады. Денсаулық сақтау министрлігіне Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тізіміндегі өмірлік маңызы бар дәрілік препараттарды тіркеуді дербес бастамашылық ету құзыреті беріледі.