​Сенат Каспийде тосын оқиғалардың алдын алуға негізделген құжатты қабылдады

0
849

Келісімнің ережелеріне сәйкес, әр тараптың әскери және әуе кемелері басқа тараптың әскери корабльдері мен әуе кемелеріне жақындаған кезде қауіпсіз ара қашықтықта болуы және барынша сақтық танытуы қажет.


​Сенат Каспийде тосын оқиғалардың алдын алуға негізделген құжатты қабылдады

ERNUR.KZ. Парламент Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Каспий теңізінде тосын оқиғаларды болғызбау туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңын қабылдады, деп жазады ҚазАқпарат.

Аталған келісімге 2018 жылғы тамызда Ақтау қаласында қол қойылды.

«Құжаттың мақсаты - теңіздегі Каспий маңы мемлекеттерінің аумақтық суларынан тыс әскери кемелерінің жүзуі мен оның үстіндегі әуе кеңістігіндегі әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Келісімнің ережелеріне сәйкес, әр тараптың әскери және әуе кемелері басқа тараптың әскери корабльдері мен әуе кемелеріне жақындаған кезде қауіпсіз ара қашықтықта болуы және барынша сақтық танытуы қажет», - деді ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Бақыт Құрманбаев.

Сонымен қатар, әскери кемелер мен әуе кемелері бір-біріне жақындаған кезде тыйым салынатын әрекеттер айтылды.

Біріншіден, жеке құрамның денсаулығына зиян келтіретін немесе теңізде жүзу немесе ұшу үшін кедерге тудыратын әрекеттерге, шабуылдарды имитациялауға, қандай да бір заттарды тастауға, кемелерді басқаруда кедергі келтіретіндей жарықтандыру құралдарын пайдалануға рұқсат етілмейді.

Тараптар өз әскери кемелері командирлерінің 1972 жылғы Теңізде кемелер соқтығысуының алдын алудың халықаралық қағидаларын мүлтіксіз сақтауы байынша шараларды қабылдауы керек.

«Ақпарат алмасу және өзара түсіністікке қол жеткізу үшін әскери корабльдер мен әуе кемелері келісімде айқындалған жиіліктердегі радиобайланысты пайдаланды. Кемелердің іс-қимылдары мемлекеттердің егемендігі мен айрықша құқықтарына зиян келтірмей жүзеге асырылады. Келісімді іске асыру - теңіздегі Каспий маңы мемлекеттерінің әскери кемелері мен ұшақтары арасындағы өзара достық қарым-қатынасты арттыруға мүмкіндік береді», - деді Бақыт Құрманбаев.