Депутаттар судьяны қызметінен босатуға дауыс берді.
ERNUR.KZ. Сенат Жоғарғы соттың судьясы Лариса Шепелеваны қызметінен босатты, деп жазады Tengrinews.kz.
"Қазақстан Конституциясының 55-бабы 1-тармақшасына және "Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы" Конституциялық заңның 34-бабы 3-тармағына сәйкес, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті Шепелева Лариса Аркадьевнаны отставкаға кетуіне байланысты Сенатқа Жоғарғы Соттың судьясы қызметінен босату ұсынылсын деген қорытындыға келді. Қолдауларыңызды сұраймын", - деді Сенат отырысында депутат Владимир Волков.
Депутаттар судьяны қызметінен босатуға дауыс берді.