https://kaz.zakon.kz/5029325-senatta-y-b-r-oryn-a-5-adam-talas-a-t.html
ERNUR.KZ. Сенаттағы бір орынға бес үміткер өзара таласқа түсуде. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев мәлімдеді, деп жазады zakon.kz.
25 маусымдағы мәлімет бойынша, 88 адам өз кандидатурасын ұсынды. Сонда орташа есеппен бір депутаттық орынға 5 адамнан келеді, - деді Берік Имашев ОСК брифингінде.
Сенат депутаттығына үміткерлерді ұсыну 13 маусымда басталып 12 шілдеге, яғни сағат 18: 00-ге дейін жалғасады.
Сайлауға барлығы 254,7 миллион теңге бөлінді. Бұл ақша сайлау комиссияларын ұйымдастыруға, үгіт-насихат үнпарақтарын басып шығаруға, жол жүру және көлік шығындарына жұмсалады.