Сенаттың соңғы отырысы өтті: депутаттар енді қандай жұмысқа ауысады

0
110

Мәулен Әшімбаев Сенат аппаратының қызметкерлері әлеуметтік тұрғыдан қорғалғанын атап өтті.


Сенаттың соңғы отырысы өтті: депутаттар енді қандай жұмысқа ауысады

Фото: Сенат

ERNUR.KZ. Сенаттың соңғы отырысынан кейінгі брифингте Мәулен Әшімбаев депутаттар енді қандай қызметке баратыны жөнінде мәлімдеме жасады, деп жазады inform.kz.

— Өмір бойы депутат болу керек деген шарт жоқ. Мемлекеттік қызмет деген — уақытша дүние. Мемлекеттік қызметке келу бар, мемлекеттік қызметтен дұрыстап кету бар. Кейде келуден гөрі кету маңыздырақ. Әріптестеріміздің бәрі — тәжірибелі азаматтар. Орталықта да, өңірлерде де, мемлекеттік қызметте де, басқа салаларда да олар ары қарай өздерінің әлеуетін жүзеге асырып, мемлекеттің дамуына үлес қоса беретініне толықтай сенемін, — деді ол.

Сонымен қатар, Мәулен Әшімбаев Сенат аппаратының қызметкерлері әлеуметтік тұрғыдан қорғалғанын атап өтті.

— Біздің аппаратымыз өте күшті. Мәжілістің де аппараты өте күшті. Конституциялық өзгерістерге байланысты ешкімді жұмыстан шығарған жоқпыз. Аппаратымыздың қызметкерлері Құрылтайға жұмысқа ауысады. Кей бөлігі Халық кеңесіне орналастырылады. Біз мамандарды жоғалтып жатқан жоқпыз. Бұл — біздің ұстанымымыз. Бұл тұрғыдан, олар әлеуметтік жағынан қорғалған, — деді Мәулен Әшімбаев.