Сенаттың жалпы отырысында Жоғарғы сот судьясы қызметінен босатылды

0
95

Сенаторлар ұсынысқа қолдау білдіріп дауыс берді.


Сенаттың жалпы отырысында Жоғарғы сот судьясы қызметінен босатылды

Фото: Сенаттың баспасөз қызметі

ERNUR.KZ. Сенаттың жалпы отырысында Жоғарғы сот судьясы қызметінен босатылды, деп жазады stan.kz.

"Сенаттың қарауына Берік Нәжімиденовті Жоғарғы соттың судьясы қызметінен босату туралы Мемлекет басшысының ұсынысы енгізілді. Ол тәжірибелі заңгер және қаржылық қадағалау саласының маманы. Президенттің Жарлығымен Берік Төлеутайұлы Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сот төрағасы болып тағайындалды. Бұл тұрғыда оның басқа қызметке тағайындалуына байланысты Жоғарғы сот судьясы қызметінен босату жөніндегі ұсынымды қолдауды сұраймыз", — деді Жоғары сот кеңесінің төрағасы Дмитрий Малахов.

Сенаторлар ұсынысқа қолдау білдіріп дауыс берді.