Сергей Киселев 17 жыл бойы "Еуразия" бірінші арнасын басқарды.
Сурет: Zakon.kz
Белгілі болғандай, ол өз еркімен және денсаулық жағдайына байланысты орнын босатты.
Сергей Киселев 17 жыл бойы "Еуразия" бірінші арнасын басқарды. Оның басшылығымен телеарна Қазақстанда жетекші орынға ие болды. Хабар тарату желісінде қазақстандық аудитория арасында кең ауқымды және танымал тележобалар пайда болды.
Қазақстандық телевизияны дамытуға қосқан үлесі үшін Сергей Киселев бірнеше рет мемлекеттік наградалармен және құрметті атақтармен марапатталды: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет" ордені, "ҚР Конституциясына 10 жыл" және "ҚР Парламентіне 10 жыл" медальдары, "Достық" ордені. Сонымен қатар, ол қазақстандық телевизиялық журналистиканың дамуына қосқан шығармашылық үлесі үшін ҚР Президенті сыйлығының лауреаты атанды.