Batyrball ойыны (күрес аралас баскетбол) кезінде Серік Сәпиев балуанмен жанжалдасып қалды.
ERNUR.KZ. Боксшы Серік Сәпиев қазақстандықтардан балуан Зелімхан Мұсихановпен болған жанжалды ұмытуды сұрады, деп жазады tengrinews.kz.
Бұған дейін БАҚ-та Серік Сәпиев пен Зелімхан Мұсихановтың арасындағы жанжалдан кейін "жас балуан спорт колледжінен, ал оның отбасы мүшелері жұмыстан шығарылды" деген ақпарат тарады. Кейін балуанның оқудан шығарылғаны туралы ақпарат жоққа шығарылды.
"Мен бұл туралы бірінші рет естіп тұрмын. Оның отбасына қатысты ақпаратты да растай алмаймын. Мен кез келген қысымға қарсымын. Халқымыз бұл жағдайды ұмытса екен деймін. Оқиға аяқталды. Спорт - эмоция, кез келген бәсекелестіктің қалыпты бөлігі. Бұл жастарға тек сәттілік тілеймін", - деді боксшы.
Еске салайық, Batyrball ойыны (күрес аралас баскетбол) кезінде Серік Сәпиев балуанмен жанжалдасып қалды. Балуан Зелімхан Мұсиханов Сәпиевке қарсы күрес әдісін қолданған, бұл боксшыға ұнамай қалған, кейін төбелес басталған. Өзге ойыншылар спортшыларды ажыратып үлгерген.