​Серік Шәпкенов «Ералы» су торабын жаңғырту жобасымен танысты

0
577

Сапар қорытындысы бойынша өңір басшысы жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырма жүктеді.


​Серік Шәпкенов «Ералы» су торабын жаңғырту жобасымен танысты

Бүгін, 17 сәуір күні Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов жұмыс сапарымен Қызылқоға ауданына барып, бұған дейін жарияланған төтенше жағдай аясында жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңір басшысы алдымен Ойыл өзенінің бойымен Ақтөбе облысының аумағындағы «Тамдыкөл» су торабына барып, су деңгейін көрді. Мамандардың айтуынша, су қорының деңгейі екі апта ішінде Қызылқоға ауданына мол су келетінін көрсетеді.
Содан соң өңір басшысы тасқын су қауіп төндірген Миялы ауылына ат басын тіреді. Серік Шәпкенов облыстық маңызы бар «Миялы – Қарабау - Индер» тасжолының жырылған бөлігіне барып жағдаймен танысты.
Қызылқоға ауданының әкімі Нұрсұлтан Бисембиев қазіргі таңда атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, «Ералы» су торабын жаңғырту жобасын таныстырды. Егер жоба сәтті жүзеге асырылса, алдағы уақытта Тайсойған және Қарабау ауылдарына Жарыпшыққан арқылы жылдам су жеткізуге мүмкіндік болады.
Сапар қорытындысы бойынша өңір басшысы жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырма жүктеді.