"Шайтан болып елестеді": Ерейментау тұрғыны көршісін атып тастады

0
1 085

Көршісін атып өлтірген қария сол сәтте көз алдына жын-шайтан елестегенін айтады.


ERNUR.KZ. Ақмола облысында 60 жастағы ер адам "шайтан" болып елестеген көршісін атып тастады, деп жазады Sputnik.kz.

Ер адам қосауыз мылтықпен есік алдына шыққанда оны ешкім байқамаған. Ал 38 жастағы көршісі жайбарақат көлігін қыздырып, жұмысына кеткелі жатқан. Сол кезде оқ атылды. Мылтық даусынан шошып далаға жүгіріп шыққан көршілер жараланған жігітті көрген. Оны Ерейментау аудандық ауруханасына жеткізген. Бірақ ол жансақтау бөлімінде көз жұмды.
Көршісін атып өлтірген қария сол сәтте көз алдына жын-шайтан елестегенін айтады. Сондықтан ауыр қылмысқа қалай барғанын білмейді. Енді оның ақыл-есінің дұрыстығы тексеріледі.
"Қазір 60 жастағы күдіктіден қару тәркіленді. Өзі тергеу абақтысына қамалды. Аңшы мылтығы заңды тіркеуде болған. Оқиға куәгерлері анықталды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, "адам өлтіру" бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды", - дейді Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнар Пинчук.