«Шайтандар қылқындырады»: Замира Сұлтан өз-өзіне қол жұмсаған (видео)

0
8 603

Оған ешнәрсе көмектесе алмапты.


«Шайтандар қылқындырады»: Замира Сұлтан өз-өзіне қол жұмсаған (видео)

ERNUR.KZ. Атышулы Замира Сұлтан кейінгі кезде өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Оны әлдебіреулер ұйықтатпай, қылқындырады екен, деп жазады stan.kz.

«Мені емдейтін апа бар. Қызымды, ұлымды емдеді. Соған барғанда ем жазып берді. Өз-өзіме қол жұмсағаннан кейін екі апта ұйықтамадым. Ұйықтасам, шайтандар қылқындырады. Терезе-есікті жапсам, неге жаптың дегендей. Неше түрлі жағдайлар болды. Біресе апам, біресе құрбым қасымда отырады. Күндіз ғана ұйықтайтынмын. Өйткені түнде маза бермейді. Мен ұйықтау үшін бәрі маған қарап отыру керек», – дейді Замира.

Әжемнің жеті атасынан қалған Құран кітапты басына қойып ұйықтаса да, ешнәрсе оған көмектесе алмапты. Айтуынша, кейіннен Замираны орыс әже емдей алған.