Жоғары температура мен қою түтін іздестіру жұмыстарын қиындатып тұр.
ERNUR.KZ. Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов "Қазақстан" шахтасында жұмыс кеңесін өткізді, деп деп жазады sputnik.kz.
"Қазіргі уақытта екі зардап шегушіні іздеу жұмыстары жүргізілуде және жергілікті Д-6 көмір конвейерлік еңісте жану ошақтарын сөндіру жалғасуда. Өрт сөндірушілердің авариялық қазбалардың жанындағы жұмысы жоғары температура мен үздіксіз түтіннің себебінен қиындай түсті. Сондай-ақ, қазбаны салқындату бойынша іс-шаралар жүргізілуде", - делінген хабарламада.
ТЖ министрлігі іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу барысын тұрақты бақылауда ұстайды.
Сырым Шәріпханов іздестіру жұмыстарына тартылған тау-кен құтқарушылары үшін қажетті қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз етуді тапсырды.