Шамалғандағы апаттан кейін жаяу жүргіншілерге арналған көпір ашылды

0
808

Көпірдің ұзындығы 59-60 метр болса, биіктігі 9 метрге жетті.


Шамалғандағы апаттан кейін жаяу жүргіншілерге арналған көпір ашылды

ERNUR.KZ. Алматы облысы Шамалған стансасында болған жол апатынан соң жаяу жүргіншілерге арналған көпір салынды, деп жазады ҚазАқпарат.

Бүгін облыс әкімі Амандық Батталовтың қатысуымен көпірдің салтанатты ашылуы болды.

«Бүгін біз осы ерекше құрылыс нысанын пайдалануға беріп отырмыз. Көпірдің ұзындығы 59-60 метр болса, биіктігі 9 метрге жетті. Егде адамдар мен жас балаларға арналған екі лифт ашылды», - деді әкім.


Оның айтуынша, құрылысқа жергілікті бюджеттен 365 млн теңге жұмсалған. Құрылыс нысаны облыстық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық меншігіне беріледі.

Көпірдің ашылуында Жібек жол ауылының тұрғыны Оксана Викторовна тұрғындар тарапынан ризашылығын білдірді.

«Көпір құрылысын көп күттік. Жыл сайын жүретін пойыздар саны артып келеді. Балаларымды мектепке жібергенде уайымдайтынмын. Пандемия кезінде де көпір құрылысы тоқтамағаны қуантады. Нысан уақытында берілді. Облыс әкіміне алғысымды білдіремін», - деді ол.