«ШАҢЫРАҚ» шығармашылық байқауы жарияланды

0
574

Байқауға қатысу үшін өтінімдер 2023 жылғы 15 қазанға дейін қабылданады.


«ШАҢЫРАҚ» шығармашылық байқауы жарияланды

Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Қоғамдық келісім» РММ ұйымдастыруымен өтетін этножурналистика саласында «ШАҢЫРАҚ» шығармашылық байқауы жарияланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Байқаудың мақсаты – еліміздегі қоғамдық келісім және бірлік, этносаралық қатынастарды нығайту тақырыбында материалдар жариялап жүрген журналистерді ынталандыру және отандық этножурналистиканың дамуына ықпал ету.

Байқауға мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған бұқаралық ақпарат құралдарында,оныңішінде,этномәдени бірлестіктердің бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарда, әлеуметтік желілерде, теле-, радио бағдарламаларда2023 жылғы қаңтар айынан бастап 15 қазанға дейін жарияланған материалдар қабылданады.

Байқауға қатысу үшін өтінімдер 2023 жылғы 15 қазанға дейін қабылданады.

Байқау Ережесі туралы толығырақ Ассамблея сайтында таныса аласыз