"Шаршағанын айтып, демалуға кеткен": Ақмола облысында жетінші баласына жүкті болған 34 жастағы келіншек қайтыс болды

0
299

Келіншек жүктіліктің 34 аптасында жүрген. ​


ERNUR.KZ. Ақмола облысының Бестөбе ауылында жетінші баласына жүкті болған 34 жастағы келіншек жедел жәрдем келгенше қайтыс болды, деп жазады Stan.kz.



Қайғылы оқиға 18 қазан күні кешке болған. Әйел үйде отбасымен бірге болған. Кешкі уақытта өзін нашар сезініп, шаршағанын айтып, демалуға бел буған. Дегенмен туыстары оны өлі күйінде тапқан. Келіншек жүктіліктің 34 аптасында жүрген.




Жедел жәрдем дәрігерлері ақмолалық әйелдің олар келгенше қайтыс болғанын растады. Өлімнің алдын ала себебі – жедел жүрек жетіспеушілігі. Зорлық-зомбылықтың ізі табылмады.

Полицейлер Бестөбе тұрғынының өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын, сараптамалар мен тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Қылмыстық кодекстің бабына сәйкес, өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.