"Шаршы алаңда әрең жүр": Бақыт Сәрсекбаев боксшыларды қатаң сынның астына алды

0
906

Бақыт Сәрсекбаев Париж Олимпиадасына аттанған құрамның дайындығына күмән келтіріп, Instagram желісіндегі парақшасында боксшыларды сынның астына алды.


ERNUR.KZ. Бокстан Бейжің олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев Париж олимпиадасында өнер көрсетіп жатқан боксшыларды сынның астына алды, деп жазады stan.kz.

Бақыт Сәрсекбаев Париж Олимпиадасына аттанған құрамның дайындығына күмән келтіріп, Instagram желісіндегі парақшасында боксшыларды сынның астына алды.

“Жігіттердің физикасы өте нашар! Екінші раундта демалыстары қиындап, шаршы алаңда әрең жүр. Соққылары аз. Соққы комбинациясы тіпті аз. 3 минутта қанша соққы жаудыруға болады?! Физикасымен айналысуға арнайы шақыртылған маман қайда қарап жүр? Ғылыми топ қайда?

Неге біздің боксшылардың демі жетіспей жүр? Неге үш раунд аяқта тұра алмайды? Бәрің шұбырып, не істеп жүрсіңдер? Бір сұрақ: әрбір боксшы лицензия алғаннан олимпиадаға дейін неше кездесу өткізді? Тәжірибе бар ма? Мысалы, мен жарты жылдың ішінде 22 кездесу өткіздім. Бас бапкерге айтатын сөзім жоқ тіпті!", - деді Бейжің олимпиадасының чемпионы.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасындағы жүлдеден үмітті деген үш боксшымыз алғашқы айналымда жеңіліп қалғанын жазған едік.