Жасөспірімдер Олимпиадасы: Қазақстан қоржынына тағы бір алтын түсті

0
142

Әнел Ташбай шосседегі велоспорт жарысында 11 минут 32,57 секунд нәтижесімен мәреге бірінші болып жетті.


Жасөспірімдер Олимпиадасы: Қазақстан қоржынына тағы бір алтын түсті

фото: Туризм және спорт министрлігі

ERNUR.KZ. Велошабандоз Әнел Ташбай жасөспірімдер Олимпиадасының алтын медалін жеңіп алды, деп жазады sputnik.kz.
Ташбай шосседегі велоспорт жарысында 11 минут 32,57 секунд нәтижесімен мәреге бірінші болып жетті.
Қазақстан қоржынына осымен екінші алтын медаль түсіп отыр. Бұған дейін дзюдошы Фатима Супығалиева жеңімпаз атанған болатын. Ал триатлоншы Рамазан Айгенов қола медальге ие болған.
Айта кетері, IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасы Сенегалдың Дакар қаласында өтіп жатыр.