Әйелдің күйеуінің үстінен арыз түсірген.
ERNUR.KZ. Алматыда ерлі-зайыптылардың қырғын төбелесі видеоға түсіп қалды, деп жазады zakon.kz.
Оқыс оқиға 8 шілдеде "Думан" ықшамауданында болған.
Қалалық полиция әйелдің күйеуінің үстінен арыз түсіргенін атап өтті.
Оған сот-медициналық сараптамадан өтуге жолдама берілді. Ер адамды жауапкершілікке тарту туралы шешім сараптама нәтижесі шыққаннан кейін қаралады, деп хабарлады баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, ер адам апта сайын профилактикалық сұқбат үшін әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторға келуге міндеттелді.