«Шатырлардың есігі жабылды»: екі оқушының өлімінен кейін Алматыда қауіпсіздік күшейді

0
393

Шатырларға кіретін есікке арнайы құлып салынған.


«Шатырлардың есігі жабылды»: екі оқушының өлімінен кейін Алматыда қауіпсіздік күшейді

ERNUR.KZ. Алматы қаласы инфрақұрылымды дамыту басқармасы тұрғын-үй инспекция бөлімінің басшысы Дастан Маусымбаев 9 мыңнан астам көппәтерлі тұрғын үйдің шатырындағы қауіпсіздік қалай пысықталып жатқанын айтты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

16 қыркүйекте Алматыда екі бірдей оқушы тұрғын үйлердің бірінен құлап кеткен еді. Полиция іс бойынша қылмыстық іс қозғады.

Оқиғадан кейін көп қабатты тұрғын үйдегі қауіпсіздік мәселесі туралы Дастан Маусымбаев айтып берді.

«Қазір Алматы қаласында 9 мыңнан астам көп пәтерлі тұрғын үй бар. Ол 9 мыңнан астам тұрғын үйді 800-ден астамын ПИК бірлестіктері басқарады. Жастардың суицид жасағанына дейін аудан әкімдіктерімен бірлесіп біздің басқарма профилактикалық жұмыс жүргізді. Оқиғадан кейін тұрғын үйлердің шатырларына, техникалық қабаттардың есіктерін жабу үшін тексеру жүріп жатыр. Ашық қалған шатырлар жоқ. 2-3 аптада қаладағы барлық тұрғын үйді тексеріп бітеміз», - дейді Маусымбаев.

Оның айтуынша, 24 тұрғын үйдің 7-еуінде техникалық қабатқа шығатын баспалдақ алаңына кедергілер қойылған.

«Ол тұрғындардың қаражатына келіп тіреледі. Қалған үйлерде осы жылдың соңына дейін осындай кедергі орнату жоспарланған. Кедергілер болмаған күнде шатырға кіретін люкке құлып қойылады. Кілттің барлығы басқару органында, олар керек кезде тұрғындардың өтінішімен ғана ашады. Көбіне техникалық қабаттағы құлыпты жасөспірімдер, бөгде адамдар сындырып кетіп жатады. Ондай жағдайда басқару органдары жедел түрде кілт ауыстырады. Подъезд бен шатырларға қатысты жұмыс басқару органдарының құзырына кіреді», - дейді ол.