Олар жабық ми жарақатын алды.
Фото: @shavkatrakhmonov94
ERNUR.KZ. Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасы UFC шебері Шавкат Рахмоновтың әйелі баласының жағдайы туралы хабарлады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Олар Шу қалалық ауруханасында жатыр.
«Рахмоновтар травматология бөліміне жеткізілді. Алдын ала қойылған диагноз – жабық бас-ми жарақаты, миының соғылуы. Дәрігерлер олардың жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр. Қазіргі уақытта науқастар клиникалық хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр»,- деді басқармадан.
Еске салайық, 27 шілдеде Алматы-Екатеринбург тасжолында Шавкат Рахмоновтың әйелі мен ұлы жантүршігерлік жол апатына ұшыраған. Гүлайым Рахмонова ұлымен және достарымен Қарағандыдан Алматыға Toyota Land Cruiser жол талғамайтын көлігімен бара жатқан. Алдын ала мәлімет бойынша әйел тізгінге ие бола алмай қалғандықтан көлік аударылған. Оқиға салдарынан 39 жастағы әйел оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір 35 жастағы жолаушы Мойынқұм аудандық ауруханасына апарар жолда қайтыс болды.
Полиция трагедияның мән-жайын анықтап жатыр. Бұл оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.