Щучинскіде мүрдесі табылған ресейлік әйелдің өліміне не себеп болғаны анықталды

0
26 006

Әйел түс кезінде бұралқы иттерді тамақтандыруға кетіп, содан кейін үйге оралмаған.


Щучинскіде мүрдесі табылған ресейлік әйелдің өліміне не себеп болғаны анықталды

ERNUR.KZ. 11 наурызда таңертең Щучинскіде шлагбаумның жанынан ресейлік әйелдің денесі табылған еді. Марқұмның қайтыс болу себебі анықталды, деп жазады ulysmedia.kz.

Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі хабарына қарағанда, денені алғашқы тексеру кезінде қандай да бір жарақат табылған жоқ.

Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, өлім кардиомиопатия салдарынан болған, - деп хабарлады Ақмола облысы ПД.

Үлкен медициналық энциклопедияға сәйкес, кардиомиопатия – миокардтың бастапқы таңдаулы (немесе оқшауланған) зақымдануымен сипатталатын аурулар тобы (жүректің ырғақты қозғалысын тудыратын жүрек бұлшықеті - ред.еск.). "Кардиомиопатиялар" – этиологиясы мен патогенезі бойынша әртүрлі және клиникалық көріністердің ұқсастығымен біріктірілген миокард зақымдануларының кең тобын қамтитын жинақтық тұжырымдама. Оған коронарлық емес және ревматикалық емес миокардтың әртүрлі аурулары кіреді.

Естеріңізге сала кетейік, Щучинскте 1997 жылы туған келіншектің денесі табылған. Марқұм Ресей Федерациясының азаматы болған, бірақ кейінгі екі жылда Қазақстанда жігітімен бірге тұрған. Түс кезінде қыз бұралқы иттерді тамақтандыруға кетіп, содан кейін үйге оралмағаны хабарланды.