Оқиға Бурабай ауданының аумағында болған.
Фото: t.me/dchsakmol
ERNUR.KZ. Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт шамамен 90 шаршы метр аумақты шарпыған, деп жазады inbusiness.kz.
Оқиға орнына келген құтқарушылар өртті сөндіріп, үйдің ішінен 1968 жылы туған ер адам мен әйелдің денесін алып шыққан.
Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің нақты себебі әзірге белгісіз. Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция қызметкерлері мен арнайы мамандар жұмыс істеп жатыр. Олар өрттің шығу себептері мен барлық мән-жайын анықтайды.
Өртті сөндіруге Ақмола облысы ТЖД-ның 16 қызметкері мен 4 арнайы техникасы жұмылдырылды.


