Темір баланың басына кіріп кеткен.
ERNUR.KZ. Щучинск қаласындағы футбол алаңында кәмелетке толмаған баланың басынан жарақат алу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп жазады tengrinews.kz.
Оқиға 17 тамызында Щучинск қаласындағы футбол алаңдарының бірінде болған. Сағат 17:00 шамасында жергілікті полиция бөліміне 9 жастағы бала қоршаудан шығып тұрған темірге басын жаралап алғаны туралы хабарлама келіп түскен.
"Дерекке қатысты құқық қорғау органдары ҚР ҚК-нің 278-бабы 1-бөлігі ("Сапасыз құрылыс") бойынша соталды тергеуді бастады. Тергеу аясында балалар алаңының құрылысшысы анықталды, сондай-ақ нысан "Бурабай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" ММ балансында тұрғандығы белгілі болды. Қазіргі уақытта бірқатар сот-сараптамасы тағайындалды, тергеу жалғасып жатыр", - делінген хабарламда.
Темір баланың басына кіріп кеткен. Оны облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері аман алып қалған. Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, темірді алғанда баланың көзі мен миы, ірі тамырлары зақымданбаған.
"Жақ-бет хирургы Д.Федоров, ЛОР дәрігері Г.Жүнісова және нейрохирург Н.Ысқақов кәсіби түрде жұмыс істеді.
Баланың бағы бар екен! Қазір ол ояту бөлімінде жатыр", - деді ведомство өкілдері.