Шекара қызметінің бұрынғы басшысы Дархан Ділманов екі айға қамауға алынды

0
620

Сондай-ақ 2022 жылғы 23 маусымда Алматы қаласының Тергеу соты Арысбаевты екі айға дейін қамауға алу туралы өтінішті қанағаттандырды.


Шекара қызметінің бұрынғы басшысы Дархан Ділманов екі айға қамауға алынды

ERNUR.KZ. Шекара қызметінің бұрынғы басшысы Дархан Ділманов екі айға қамауға алынды, деп жазады Stan.kz.

"2022 жылғы 24 маусымда Алматы қалалық Тергеу сотының қаулысымен күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау бойынша өтінішхаттар қанағаттандырылды. Шешім заңды күшіне енген жоқ", – деді баспасөз қызметі. Сот Дильмановтың екі айға дейін қамауға алынғанын атап өтті.
Сондай-ақ 2022 жылғы 23 маусымда Алматы қаласының Тергеу соты Арысбаевты екі айға дейін қамауға алу туралы өтінішті қанағаттандырды.
Айта кетейік, 22 маусымда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің бұрынғы басшысының ұсталғаны туралы хабарлаған.
"22 маусымда Қазақстан-Қытай шекарасының шекара заставаларында анықталған қызмет бабын асыра пайдалану фактілері бойынша ҰҚК жүргізген сотқа дейінгі тергеу аясында ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Шекара қызметінің директоры генерал-лейтенант Ділманов, Алматы облысы бойынша Жол полициясы басқармасының "Нұр жолы" шекаралық бақылау басқармасының бастығы, полиция майоры Н.Арысбаев және т.б. ұсталды", – делінген хабарламада.
Ал Дархан Ділманов сәуір айының басында ҰҚК төрағасының орынбасары - Шекара қызметінің директоры қызметінен босатылған болатын. Ол бұл қызметті 2015 жылдың шілдесінен бері атқарып келеді. 1998-2015 жылдары ҰҚК Шекара қызметінде басшылық қызметтерде болған.