Шекарадан бензин алып өтпек болған Ресей азаматы ұсталды

0
1 324

Құны - 590 000 теңге болатын заңсыз жүк Бәйтерек аудандық мемлекеттік кірістер департаментіне тапсырылды.


Шекарадан бензин алып өтпек болған Ресей азаматы ұсталды

ERNUR.KZ. Орал шекара жасағының «Шаған-авто» бөлімшесінде 21 472 литр бензинді шекара асырмақ болған Ресей азаматы ұсталды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Шекарашылар Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кіріс департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, 4 миллион 750 мың теңгенің бензинін шекара асырмақ болған Ресей азаматын ұстады. Ұсталған азамат жалпы көлемі 21 472 литр болатын «АИ-92» бензинін Мемлекеттік шекарадан «НЕФРАС-С30/230» жуғыш заты ретінде алып шықпақшы болған» делінген хабарламада.

Айта кетейік, осы күні аталған жасақтың «Сырым-авто» бөлімшесінде 1974 жылғы Қазақстан азаматы елімізден шығаруға тыйым салынған заттар тізіміндегі, жалпы салмағы 20 тонна, бұрын пайдаланылған темір құбырларды Ресейге алып шықпақшы болды. Құны - 590 000 теңге болатын заңсыз жүк Бәйтерек аудандық мемлекеттік кірістер департаментіне тапсырылды.

Сондай-ақ, осы жасаққа қарасты «Ақсай» шекара заставасының шекарашылары Батыс Қазақстан облысы бойынша орман және жануарлар әлемін қорғау шаруашылығының маманымен бірге катермен Жайық өзенінің жағалауын шолып жүріп, 400 метр көлеміндегі ау тауып алды. Ауға шырматылып қалған қымбат бағалы балықтар тірідей құтқарылды.