Шекарадан цифрлық құжатпен өтуге бола ма – комитет жауап берді

0
819

Бүгінде жеке құжаттардың басым бөлігі цифрлық форматқа ауыстырылған.


Шекарадан цифрлық құжатпен өтуге бола ма – комитет жауап берді

ERNUR.KZ. Мемлекеттік шекара арқылы электронды құжатпен өтуге болмайды. Бұл туралы мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Слямов айтты, деп жазады sputnik.kz.

"Біз шекара қызметінен тиісті мәлімет алдық. Оған сәйкес, қазіргі кезде электронды құжатпен мемлекеттік шекарадан өтуге тыйым салынған", - деді Слямов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Айта кетері, бүгінде жеке құжаттардың басым бөлігі цифрлық форматқа ауыстырылған. Жақында eGov Mobile қосымшасындағы цифрлық құжаттардың тізіміне төлқұжат та енгізілді.

Құжаттың түпнұсқасы болмаған кезде смартфон арқылы цифрлық құжатты пайдалану өте ыңғайлы.