Шерзат Болаттың өлімі: іс осы аптада сотқа түседі

0
139

Алайда сот отырысының өзі нақты қашан басталатынын ІІМ өкілі айта алмады.


Шерзат Болаттың өлімі: іс осы аптада сотқа түседі

Фото:Tengrinews.kz, видео кадры

ERNUR.KZ. Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Талғардағы жасөспірім Шерзат Болаттың (Полатты) өліміне қатысты іс бойынша пікір білдірді, деп жазады tengrinews.kz.
Оның айтуынша, іс жақын арада сотқа түседі.
"Қазіргі уақытта Шерзаттың ісі прокуратурада қаралып жатыр. Біз оны жақын күндері, осы аптада, сотқа түседі деп күтіп отырмыз", – деді Әділов Мәжіліс кулуарында.

Алайда сот отырысының өзі нақты қашан басталатынын ІІМ өкілі айта алмады.

"Бұл – соттың құзыреті. Іс сотқа түскеннен кейін судья тағайындалады, ол негізгі сот процесін жүргізеді. Кейінірек бұл туралы соттың өзі нақты түсініктеме бергені дұрыс болады", – деп түсіндірді вице-министр.

Еске салайық, 4 қазанға қараған түні Талғарда жасөспірім айуандықпен өлтірілген. 16 жастағы Шерзат Болат дүкенде әкесіне көмектесіп жүрген, осы кезде тұтынушымен жанжал басталған. Сатып алушы достарына телефон соғып, олар келіп Шерзатты пышақтап, басына мылтықпен ұрған. Жанжал кезінде Шерзаттың әкесі, ағасы да соққыға жығылған. Шерзат Болатты әкесі ауруханаға жеткізген, бірақ оны құтқару мүмкін болмады.