Бұл туралы туралы ІІМ Тергеу департаменті бастығының орынбасары Самат Айсов айтты.
Фото: Александр Павский/Kazinform
ERNUR.KZ. Талғардағы қайғылы жағдай болған жерден үш пышақ пен мылтық тәркіленді, деп жазады inform.kz.
Бұл туралы туралы ІІМ Тергеу департаменті бастығының орынбасары Самат Айсов айтты.
«Қазіргі таңда үш пышақ тәркіленді. Сондай-ақ, бір мылтық бар. Департамент оны сараптамадан өткізіп жатыр. Оның кімге тиесілі екенін әзірге айта алмаймын», - дейді ол.
Бұған дейін Ішкі істер министрлігінің өкілдері Талғардағы 16 жастағы Шерзат Болат қаза тапқан жерде камераға түсіп қалған видеоны көрсетті.
Ал Алматы облысының прокуроры Берік Адамов қылмыстық іс бойынша жүргізіліп жатқан тергеу сатысында ешқандай заңбұзушылық анықталмағанын айтты.
Сондай-ақ, өртенген Шерзаттың ата-анасы тұрған үйдің сыртынан резеңке қолғап пен канистр табылғаны туралы айтылды.
Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов Шерзат Болаттың өліміне және бұзақылыққа қатысты 10 күдікті ұсталғанын мәлімдеді.
Еске салайық, 4 қазанда Талғар қаласындағы төбелестен бір адам қайтыс болғанын жазғанбыз.