Шерзат Полаттың өлімі бойынша 9 қылмыстық іс қозғалды

0
88

Алматы облысының полиция департаменті Талғардағы бала өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады.


Шерзат Полаттың өлімі бойынша 9 қылмыстық іс қозғалды

Фото: Жақындарының жеке архивінен

ERNUR.KZ. Ішкі істер министрлігі 16 жастағы жасөспірім Шерзат Полаттың өліміне қатысты қылмыстық істі тергеуді 2024 жылдың соңына дейін аяқтауды жоспарласа да, әлі аяқтамады, деп жазады stan.kz.

Алматы облысының полиция департаменті Талғардағы бала өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады.

“Ұрлық, бұзақылық, қорқыту және қылмыс туралы хабарламау бойынша тағы 8 қылмыстық іс тіркелді. Іс бойынша 11 айыпталушыға қатысты "қамау" бұлтартпау шарасы таңдалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", – делінген ішкі істер министрлігінің хабарламасында.

Еске салсақ, бұған дейін Талғарда жаппай төбелес болып, салдарынан 16 жастағы Шерзат Полат көз жұмған еді. Жасөсіпірімнің өлімінен кейін Шерзат Полаттың үйін белгісіз біреулер өртеп кетті. 9 желтоқсан күні Талғардың шетінен Шерзаттың ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың денесі табылды. Осы жайттан соң Шерзаттың ашынған әкесі журналистердің келуін талап етіп, қолына пышақ ұстап өзіне қол жұмсайтынын айтқаны үшін ұсталған еді. Қаржаубай Нұрымов “бұзақылық” бабы бойынша сотталып, 15 тәулікке қамауға алынды.