Ол жүк көлігін жүргізетін 41 жастағы ер адамның денесі болып шықты.
Фото: pixabay.com
ERNUR.KZ. Қарағанды облысы Шет ауданындағы даладағы дәмханалардың маңынан Ақтөбе облысынан шыққан жүк көлігінің жүргізушісі өлі күйінде табылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Оның мәйіті 22 сәуір күні табылған. Алдын ала болжам бойынша ол өз-өзіне қол жұмсаған.
«2025 жылдың 22 сәуірі күні Қарағанды облысы Шет ауданындағы дәмханалардың бірінде Ақтөбе қаласының 41 жастағы тұрғынының мәйіті табылды», - деп хабарлады агенттік тілшісіне Қарағанды облысының полициясы.

 
                        

 
                         
                    









 
                     
                     
                     
                     
                    
